Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Методологиялық семинар


2016 жылы 8 қарашада Ш.Ш. Уәлихановатындағы Тарих және этнология институтында кезекті методологиялық семинар өтті. Семинар жұмысын модератор, Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.С. Жүгенбаева кіріспе сөзімен ашты.
Методологиялық семинар «Қазақ халқының фольклорлық мұрасы: деректемелік аспектілері» атты тақырыпқа арналды. Баяндамашы: т.ғ.д. Г.С. Жүгенбаева аталған тақырыпта келесі мәселелерді қарастырды: Қазақстан тарихындағы ауызша тарихтың, фольклордың рөлі мен маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге, Ресей империясы мен Кеңестік жүйенің ауызша тарихқа деген көзқарастарын және де ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының Қазақстан тарихына байланысты еңбектерінде шежірелер мен адам жадының рөлін тоқталып өтті.
Қорыта келе, ұлттық тарихи деректемелердің маңызды бөлігі ретінде фольклорлық туындыларды тарихи дерек ретінде қарастырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу,ұлттық тарихи танымды қалыптастырудың, жауапты кезеңде төлтумалық жергілікті дерек көздерінің айрықша рөлі мен салмағын саралайтын, бағамдайтын уақыт жетті деп сөзін аяқтады.
Семинар соңында институттың ғылыми қызметкерлері сұрақтар қойып, өзара пікір алмастырды.