Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ШОЛУ


08.11.2016 ж. Институтта кезекті әдістемелік семинар өткізілді. Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.С. Жүгенбаева (баяндама тақырыбы – «Фольклорное наследие казахского народа: источниковедческие аспекты») мен Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. З.М. Төленова (баяндама тақырыбы – «Электронный научный интернет-журнал: новые методы и современные тенденции отечественной исторической науки») баяндама жасады.

10.11.2016 ж. Көрнекті мемлекет қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, РҒА корреспондент мүшесі Б.Төлепбаевтың 95 жылдығына орай институт ұйымдастыруымен «Академик Б.А. Төлепбаев және ұлттық тарих» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ғылыми-тәжірибелік конференция модераторлығын институт директоры, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, т.ғ.д. Х.М. Әбжанов атқарды. ҚР ҰҒА Президенті М.Ж. Жұрынов құттықтау сөз айтты. Конференция барысында Б.Төлепбаев кітаптарының тұсаукесер рәсімі болды.

10.11.2016 ж. Институттың бас ғылыми қызметкері Қ.С. Алдажұманов «Асыл арна» телеарнасына «Академик Б.А. Төлепбаевтың өмірі мен қызметі» тақырыбында сұхбат берді.

11.11.2016 ж. Институт Ғылыми кеңесінің кезекті жиналысы болды. Жиналыс барысында келесі мәселелер талқыланды: 1) «Отан тарихы» 20-томдығының қорытынды есебін дайындау жайлы; 2) «Халық тарих толқынында» бағытындағы және гранттық қаржыландыру жобаларының жылдық есеп өткізудің қорытындысы жайлы; 3) 1 курс докторанты Р.Е. Оразовтың докторлық диссертация тақырыбын бекіту; 4) 1 курс магистранттарының магистрлік диссертация тақырыптарын бекіту; 5) аралас.

11.11.2016 ж. «Жас қазақ» газетінің 46 (618) санында институт директоры, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, т.ғ.д. Х.М. Әбжановтың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске арналған «1916 жыл: Әлемдік бетбұрыстың бастауы» атты мақаласы жарияланды.