Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2016 жылы 13 желтоқсанда академик Ақай Нүсіпбековке арналған «Ақай Нүсіпбеков және қазақ мемлекеттілігінің тарихы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Конференция жұмысы төмендегідей бағыттар бойынша өтеді:

– Академик А.Нүсіпбеков  және қазақ жерлерінің бірігу тарихы (ХХ ғ.)

– «Мәңгілік ел» идеясы  және ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы  мәселелері

– Халық жадының құжатталған деректері және Ауызша тарих

Баяндамалар қазақ, орыс тілдерінде қабылданады.

Конференция жұмысының басталуы – сағ.10:00, қатысушыларды тіркеу – сағ. 09:30

Өтетін орны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28 («Ғылым ордасының  конференц-залы, 3 қабат),    

Конференция жұмысына қатысу үшін өтініштеріңізді 2016 жылдың 10 желтоқсанға дейін мына мекен-жайға жіберулеріңізді өтінеміз:

050010 Алматы қ., Шевченко көшесі – 28, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институы,  е-mail.: adep_s68@mail.ru; zhugenbaeva@list.ru; burkhanov.b@inbox.ru; b.zamzagul75@mail.ru;

 

Байланыс телефондары мен факс:

Тел.: +7(727) 261-16-35; 272-47-59

Факс.: +7 (727) 261-67-19

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемі 8 бетке дейін, MS WORD редакторында *doc, *rtf нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті: «Times New Roman», кегль 14.

Шектері: жоғары және төменгі жағы – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см, аралық интервал – 1.

Интервал арқылы ортада қою қара жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта аытордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы мен жұмыс орны, жақша ішінде –  қала. Мақаладағы сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы: [1, 24-б.]).  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңына беріледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.

Кестелерді теруге MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңына беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

Конференцияда қарастырылатын мәселелерге қатысты ғана мақалалар қабылданады, мақалаларды іріктеуді ұйымдастырушылар өз құзіретіне қалдырады