Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Бір айға шолу: 01-30.04.16


06.04.16. ҚР Ұлттық кітапхана ғимаратында Алматы қаласының мәдениет басқармасы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және ҚР Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорның орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Атығаев Нұрлан Әділбекұлының «Қазақ хандығы тарих толқынында» атты кітабының тұсаукесері өтті. Бұл еңбек өткен жылы елімізде 550-жылдығы тойланған қазақ халқының орта ғасырлардағы ұлттық мемлекеті – Қазақ хандығының тарихына арналған.

08.04.16. Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Е. Оразовтың «Президент және халық» газетінде (№14 (552) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100-жылдығына орай «Ораз ұлт-азаттық көтерілісінде» атты мақаласы жарияланды.

14.04.16. ҚР Президенті мұрағаты мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Қазақстандағы 1930 жж. ашаршылық: құжаттар мен фактілер» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел аясында тарихи-деректі фильм көрсетіліп, кітап және сурет көрмелері ұйымдастырылды. Бұл шара барысында қазақ даласында 1930 жылдары болған ашаршылық құрбандарының дерекқорын жасау жобасын таныстыру рәсімі өтті. Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов және Бас ғылыми қызметкер, т.ғ.к. К.С. Алдажұманов баяндама жасады.

14.04.16. «ЖасАлаш» газетінде (№31(1613) институт директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Атығаев Нұрлан Әділбекұлының Қазақстан ғалымдарының жағдайы және еліміздің ғылымды қаржыландыру проблемаларына қатысты сұхбаты жарияланды.

16.04.16. Ғылыми зерттеу институттары мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы ғылым және білім интеграциясы бағдарламасы бойынша сабақ беретін қызметкерлер Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжановтың бастауымен Наурыз мерекесіне қатысты. Бұл мерекеде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректораты Ғылыми зерттеу институттары ұжымдарына мақтау қағаздарын табыстады.

18-19.04.16. Институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова, Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. З.М. Төленова, Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Е. Оразов Бішкек қаласында өткен «1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100-жылдығы: тарихи зерде және заманауи маңызы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. С.О. Смағұлова («1916 жылғы Қазақстан мен Қырғызстандағы ұлт-азаттық көтеріліс»), З.М. Төленова («1916 жылғы көтерілістің Меркі-Шу ошағы: барысы мен нәтижесі»), Р.Е. Оразов («Жетісудағы 1916 жылғы көтеріліс: жазалаушы әскердің іс-әрекеттері») баяндамалар жасады.

19.04.16. Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., доцент Г.Н. Ксенжик Менеджмент «АЛМА» (МАБ) университетінде «Аймақтану» мамандығының 2 курс студенттеріне «Моңғолияның тарихи географиясы» тақырыбында ашық дәріс өткізді.

20.04.16. Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Әлем таныған Алматы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Е. Оразов қатысып, «Медеу Бұсырмановтың орны» тақырыбында баяндама жасады.

21.04.16. «Халықтану және тарихи тұлғатану мәселесі» бөлімінің аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к. А.С. Уалтаева «Тұран» университеті негізінде өткен «Білім және ғылым» көрмесіне қатысты. Көрмеде Институт жайлы ақпараттық материалдар мен зерттеушілердің монографияларының кітап көрмесі болды. Сонымен қатар Институт ғалымдары мен докторант, магистранттардың ғылыми жетістіктері көрсетілді. 

22.04.16. Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығы мен Қазақстан тарихшыларының ассоциациясы бірлесіп өткізген «Айтылған тарих: тәжірибесі, мәселелері, болашағы» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған шарада Институт қызметкерлері: Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі З.М. Төленова («Отты жылдар шежіресі: мұрағат құжаттары және халық жадында»), Тарихнама, деректану және заманауи метолодология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері З.Б. Байжұманова («Ұлы Отан соғысы – тарихқа куәгерлер көзімен»), ҒҚ Б.Б. Бұрханов («Образование Акмолинского укрепления в воспоминаниях людей»), КҒҚ А.Н. Қоңқабаева («ХХ ғасыр тарихын тірі куәгерлер естеліктерімен зерттеудің қазіргі таңдағы ерекшеліктері») тақырыптарында баяндама жасады

22.04.16. «Президент және халық» газетінде (№ 17 (555)) Этнология және антропология бөлімінің ғылыми қызметкері Д.Ж. Жайлыбаевтың мақаласы шықты. Жас зерттеуші өз мақаласында ҚР президентінің 2016 ж. жолдауының рөлі мен Қазақстан халқына маңызын жан-жақты ашып көрсеткен.

21-24.04.16. Б.Н. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетінде (Бішкек қ.) «Среднеазиатское (Туркестанское) восстание 1916 г. История в документах» тақырыбында өткен Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Тарихнама, деректану және заманауи метолодология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.С. Жүгенбаева «1916 год в Казахстане: пертинентность корпуса источников в дискурсе междисциплинарных проекций анализа событийного ряда» тақырыбында баяндама жасады.

28.04.16. «Қоныс. Түркістанның көші-қон қосымшасы» газетінде Этнология және антропология бөлімінің БҒҚ, т.ғ.д., доцент А.У. Тоқтабайдың кейбір асыл тұқымды жылқылардың пайда болуы тарихына және оның түркі халқындағы жылқы мәдениетіне байланысына арналған «Түркі тұлпарларының дүбірі» мақаласы жарияланды.

28.04-04.05.16. Этнология және антропология бөлімінің БҒҚ, т.ғ.д., доцент А.У. Тоқтабай ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдениетінің тізіміне ежелгі қазақ күнтізбелік мерекесі – қымызмұрындықды (биебау) енгізуіне байланысты Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Терісаққан ауылына халықаралық сарапшылар құрамында болып қайтты.

29.04.16. Абай атындағы ҚазҰПУ «Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс: жаңа деректер мен зерттеу әдістері, мәселені қайта қорыту» атты дөңгелек үстел өткізді. Аталған шарада Институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова («1916 жылғыұлт-aзаттық қозғалыс барысы мерзімді баспасөз беттерінде көрініс табуы»), Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі З.М. Төленова («1916 жылғы көреріліс тұлғалар келбетінде (Ақкөз батыр мысалында)»), Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Е. Оразов («Қарқара көтерілісінің басшысы Жәменке Мәмбетұлы») баяндама жасады.