Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР !

2016 жылдың 25 мамырда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Әділет» тарихи-ағарту қоғамымен бірлесе «Өткенге тағзым- келер ұрпаққа аманат» тақырыбына ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстел қатысушыларға мынадай мәселелерді талқылауға ұсынады:

  • Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы жаңа зерттеу бағыттары: отандық тәжірибе, бүгінгі ерекшеліктері мен мүмкіндіктері;
  • Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеу бағытының халықаралық тәжірибелері;
  • Зерттеудің теориялық- әдістемелік мәселелері.

Дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Дөңгелек үстел жұмысының басталуы – сағ. 10:00,

қатысушыларды тіркеу – сағ. 09:30.

Дөңгелек үстел жұмысына ғалымдар мен ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мен туыстары қатысады.

 

050100 Алматы қ.,  Шевченко к., 28
ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты,
Ұйымдастыру комитеті.

Байланыс телефондары және факс:

Байланыс телефондары: 8 (727) 261 16  35

Факс: 8(727) 261-67-19